Шығыс билері әдемі, сымбатты дене қалыптастырады. Бидің элементтерін кезекпен қолдану денені иілгіш, ал бұлшықеттер мен буындарды қозғалғыш етеді. Тері серпімді әрі әдемі болады.
Іш биі бүкіл ағзаны, соның ішінде әсіресе, іш бұлшықеттерін еселеп жұмыс істеуге мәжбүрлейді. 2-3 ай дайындықтан кейін гинекологиялық аурулары бар әйелдердің жағдайлары едәуір жақсарып, етеккір циклі қалпына келеді. Омыртқаңыз иілгіш болып, сіз ешқашан «тұз жиналу» деген не екенін білмейтін боласыз. Мүсініңіз өзгереді, бүкіреюді қоясыз, қимыл-қозғалысыңыздың бекзаттығы, кербездігі пайда болады.
Жамбасыңызды дұрыс қозғалту үшін сабақтарда белге байлайтын тиыннан жасалған орамалдар беріледі.
Ұзақтығы – 55 минут